Хиджаб таққаным үшін қара тізімге кірдім – Мөлдір Әуелбекова

0
152

Әнші Мөлдір Әуелбекова неліктен сахнаға шықпай кеткенін айтты. Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында баяндады.

«Шоу-бизнесте әр ұйымдастырушыда, әр продюсерлік орталықта қара тізім болады. Ол тізімді әркім өзі қалыптастырады. Менің орамалға келгеніме төрт жыл болды. Орамалым үшін мені көп жерден алып тастап жатыр. Кейде орамалың үшін деп ашық айтады, кейде айтпайды. Бірақ, себебін іштей сеземін. Жуырда беделді арнаның бірінің продюсері хабарласып, сізді кастингсіз сериалға басты рөлге аламыз, қалаған гонорарыңызды төлейміз деді. Бірақ, сіз орамалды шешіп келсеңіз деді. Әлі күнге дейін осындай ұсыныстар келеді. Шынымды айтсам, қара тізімге кірдім, одан қалай шығамын деп басымды қатырмаймын. Мен олардың концертіне, телевизиялық жобасына мұқтаж емеспін. Мені тыңдайтын халық өзі тауып тыңдай береді», — дейді әнші.


ПІКІР ЖАЗУ