«Хутор» бандасының құрбандары көп». Шерзат Болаттың өліміне қатысты тың деректер шықты

0
1986

Талғарда бір топ кісінің қолынан қаза тапқан Шерзаттың өліміне қатысты тың дерек шықты.

Ата-анасының болжауынша, шабуыл жасағандар «Хутор бандалары» тобының мүшелері болуы мүмкін.

Қазстрой ауылынан шыққан бұл ұйымдасқан қылмыстық топты жергілікті тұрғындар жақсы біледі.

Бұл топты Хасан, Аслан, Ержан деген үш ағайынды басқарады. Бұл жігіттердің құрбаны болғандар көп. Олардың пышақпен ұратын әдеті бар. Тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілін де пышақтап кетті. Содан кеден қызметкерінің басынан түтікпен (трубо) ұрған. Бұл атышулы іс, – деді атын атамауды өтінген Талғар қаласының тұрғыны.

Талғар қаласы тұрғынының айтуынша, оның жиенін бір кездері көліктің жүк салғышына тиеп, тауға апарып әбден ұрып-соққан, бірақ өлтірмепті.

Алайда аталған топты Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров жоққа шығарды.



ПІКІР ЖАЗУ