Иманбаеваның қазіргі енесі «Айгүл» ансамблінің әншісі болған

0
570

Жақында екінші рет тұрмыс құрған актриса Айгүл Иманбаева «Сырласу» бағдарламасында қазіргі енесінің кім екенін айтты.

Жолдасым «Менің мамам әнші ғой» деді. Кім екенін сұрадым. «Ақжан Жайсаңбаева, «Айгүл» ансамблінің ең алғашқы солисі» дейді. Менің атымды «Айгүл» ансамблінің құрметіне қойған. Бұл қалай сонда? Сонда барып, Алла Тағаланың бұл азаматты әу баста менің маңдайыма жазғанын түсіндім, – дейді актриса.

Айтуынша, тек ол да үйленіп, өмірге қызы, бұл да тұрмыс құрып, өмірге ұлы келуі керек болған сияқты.

Екеуміз өмірді сүріп, өмірдің мән-мағынасын түсініп, толысып барып кездесуіміз керек болған екен деп ойладым, – деп жұбатты өз көңілін Айгүл Иманбаева.



ПІКІР ЖАЗУ