Kaspi Bank-тың атқарушы директоры шетелдік егде адамға тұрмысқа шықты

0
157

Kaspi Bank-тың атқарушы директоры Маржан Елшібаева әлеуметтік желіде өзінің британдық азаматқа тұрмысқа шыққанын мәлім етті.

Оның айтуынша, күйеуінің ұлты – ағылшын, есімі – Пол. Өзінен бірнеше жас үлкендігі көрініп тұр.

Жеке өмірімдегі оқиғалар мұндай реакция тудырады деп күтпеген едім. Құттықтауларыңызды оқу өте жақсы. Неке қию рәсімі Борнмут (Англия) қалалық әкімшілігінің әдемі ескі ағылшын ғимаратында болды. Мен өз Отанымды тастап кетпеймін. Керісінше, күйеуімді Қазақстанға көшуге көндірдім. Мен үшін оның отбасын, жақындарын, достарын, қалыптасқан өмірін тастап, Қазақстанға көшуі – ерлікпен тең. Енді мен оның махаббатына күмәнданбаймын, – деп жазды Маржан Елшібаева.



ПІКІР ЖАЗУ