КАСПИЙДЕ ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУ ӨТІП ЖАТЫР

0
62

Еліміздің Әскери-теңіз күштері Каспийде жауынгерлік дайындығын пысықтап жатыр.

Бірлескен оқу-жаттығуға шекара флотының жауынгерлік кемелері мен майдан авиациясы қатысып жатыр. Тапсырма бойынша миннотраль мен зымыранды-артиллериялық кемелер су бетіндегі және әуе нысандарына оқ жаудырды.

Жаттығудың келесі кезеңінде теңізшілер су көлігінің қозғалтқыш бөлігінен шыққан өртті сөндіріп, жараланғандарды құтқаруда кәсіби шеберлігін байқатты. Контр-адмирал Сәкен Бекжанов жетекшілік еткен әскери жиын ертең аяқталады. Нұрбек Талғатұлы, «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кеме командирінің көмекшісі: – Түнгі және күндізгі атыс жаттығулары өткізілді.

Қауіпсіздік ережелері бұзылған жоқ және де жеке құрам өзінің біліктілігін арттырды. Алға қойылған мақсаттар толықтай орындалды. Алдағы уақытта біздің Әскери-теңіз күштері бұдан да үлкен жаттығуға қатысып, өз шеберлігімізді шыңдаймыз деген үміттемін.


ПІКІР ЖАЗУ