КИБЕРҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ПАЙДА БОЛДЫ
Елде бақылау күшейген сайын алаяқ майнерлер дес бермей келеді, деп хабарлайды.
Қазір олар азаматтарды алдап, ақшасын жымқырудың жаңа тәсілдерін ойлап тапқан. Киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін нені білу керек? Жақында Ұлттық қауіпсіздік қызметі киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қарағанды азаматын ұстады.
Тінту кезінде одан 24 ұялы телефон, 9 ноутбук пен планшет тәркіленді. Киберқылмыскер 49 млн теңгеден артық залал келтірген. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзған.
Өкінішке қарай, алаяқтардың торына әп-сәтте түсіп қалуыңыз мүмкін. Күн сайын түрлі қитұрқы әрекеттерді олап тауып жатыр. Жақында ғана Threads Coin криптовалютасы пайда болды. «Сіз оны Ethereum деген басқа криптографиялық ақшаға сатып ала аласыз», – деп үгіттейді. Соған сеніп, криптоға қаржы құйған адам құр алақан қалады. Виталий Перов, Кибершабуылдарды талдау орталығының сарапшысы: – Көбінесе бұл – адамдарды арнайы фишингтік сайттарға тартатын, криптовалюта сатып алу арқылы ақша табуға шақыратын алаяқтық әрекет. Екіншісі – мобильді құрылғыға немесе компьютерге кіріп, биржаға қашықтан қосылу. Олар криптовалюта инвестиция салайық, сол үшін арнайы бағдарлама орнатайық деп, өздеріне керек биржаға қосылып алады.
Тағы бір проблема – көлеңкеде жұмыс істейтін майнерлер. Бұл – криптовалютаны заңсыз жолмен табатындар. Сарапшылардың сөзінше, осыдан 2-3 жыл бұрын электр қуатының артықшылығына байланысты Қазақстан майнингке ең қолайлы аймақтардың бірі болды. Еліміз майнерлік компаниялар саны бойынша екінші орында деген ақпараттар да тарады. Бірақ салада мемлекеттік реттеу жүргізілгеннен кейін көлеңкелі бизнестің осы түрімен айналысатындар азайған. Гимран Абдрахманов, қаржы және крипто сарапшысы: – Қазіргі кезде біздің майнерлер өте қатал регуляция үстінде.
Қазір майнингпен айналысамын деген бизнесмендер лицензиядан өту керек. Бұл МЦРИАП, яғни цифрлық даму министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Ол майнерлер кейін аукциондарға қатысып немесе Ресей электро энергиясын алу арқылы немесе газ арқылы өз-өздерін қамтамасыз ете алады. Қазір ресми түрде тіркелген 50 шақты компания майнинг саласында жұмыс істейді. Олар лицензиядан өтіп, Қазақстанның заңнамасы шеңберінде қызмет етеді. Ал көлеңкелі майнингпен айналысатындарды ақпараттық жүйелер арқылы бірден анықтайды. Бірақ бұл әдіс арқылы шетелден әрекет ететін киберқылмыскерлерді әшкерелеу қиын. Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығының басшысы: – Біз қазір шетелдік сарапшылармен бірлесіп, қылмыстың осы түрлерімен күресіп жатырмыз.
Елімізде киберқылмыспен күрес жөніндегі мамандандырылған орталық бар. Қазір банк қызметкері болып хабарласатындар көп. Былтыр арнайы операция кезінде біз қоңырау шалып, азаматтарымызды сан соқтырған байланыс орталығының орналасқан жерін анықтадық.
Онда біздің ғана емес, шетел азамттарын да алдап, сан-соқтырғандар бар. Украинаның Ұлттық полициясымен бірлесіп, арнайы операция жүргіздік. Сөйтіп, байланыс орталығының қызметін тоқтаттық. Алаяқтардың тұзағына ілігіп қалмас үшін қырағылық танытқан абзал. Күмәнді мобильді қосымшаларды жүктеп, сілтемеге көшер кезде олардың дұрыстығын, қауіпсіздігін мұқият тексеру керек. Сарапшылар жеке аккаунтарыңызға күрделі құпия кілттерді пайдалануға кеңес береді.