Әкімдіктерге көктем басталмай тұрып су тасқыны туралы ескерту жасалған

0
47

 

«Қазгидромет» директоры Данара Әлімбаева желтоқсан айынан бастап су тасқыны қаупі бар аймақтардың аты аталғанын жеткізді. 

«Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысында су тасқыны қаупі жоғары екенін ескерттік. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Сонымен қатар наурыз айынан бастап біз жүзден аса дауыл туралы хабарламалар жолдап, ескерту айттық», – деді ол.

 


ПІКІР ЖАЗУ