Көкпарда ҰҚК қызметкері Қырғызстан құрамасының ойыншысына қысым көрсеткені рас па?
Әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері қысым көрсетті деген ақпарат тарады.
Ұлттық қауіпсіздің комитетінің баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстаннан келген спортшыларды 5:4 есебімен жеңгеннен кейін, көрші елдің көкпаршылары ойын әділетсіз өтті деп наразылық білдірген болатын.
(сурет kz.kursiv.media сайтынан алынды)