Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

0
37

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыс аяқталды.

Бірінш тайм 3:1 есебімен Қырғызстан командасының пайдасына шешілсе, екінші кезеңде алғашқы салымды қазақтар салып, есеп 4:4-ке жетті. Ақтық кезеңде Қазақстан Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Осылайша, көкпардан Қырғызстан екінші орын, Ресей үшінші орын иеленді. Бұған дейін қазақ пен қырғыз көкпаршылары ерегісіп, ойын уақытша тоқтатылған еді.

Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастыру бөлімі


ПІКІР ЖАЗУ