«Көмек сұрады». Баян Мақсатқызы Арман Дүйсеновтің ұлы хабарласқанын айтты

0
783

Бүгін Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай кісі қолынан қаза тапты.

Осы қаралы хабардан кейін Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде Абылайдың оншақты күн бұрын қабарласқанын мәлімдеді.

Осыдан 10-12 күн бұрын маған Абылай хабарласқан еді. Ол баланы көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған. Туған әпкесіне хабарласқандай, көмек сұрады. Түсінгенім бойынша, бір бағдарламада марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланады екен. Оған бірнеше шоу-бизнестегі адамдар қатысып, марқұм туралы жағымсыз ақпарат айтыпты. Ол кезде бағдарламаның эфирге кететініне екі сағат қалған. “Абылай, сен кеше хабарласқаныңда көмектесер едім. Бірақ екі сағат қалғанда қолымыздан ештеңе келмейді” дедім. Ол баланың жанайқайы әкесінің атына жағымсыз пікір айтылғаны еді, – деген еді продюсер.



ПІКІР ЖАЗУ