Кредиттен қашан құтылам: уайым кешіп жүрген 1,5 млн адам бар

0
44

– бір реттік шараға алынған кредит,
– ертең құны болмайтын затты алуға жұмсалған кредит,
– қарызды жабу үшін (кредит үстіне) алынған кредит.

Бұлардың қай-қайсы да адамға ешқандай экономикалық пайда, құндылық әкелмейді. Ол адамды тек қарыз шыңырауына түсіре береді, түсіре береді. Ең үлкен проблема – сізге психологиялық ауру алып келеді. Мұндай психологиялық дерт бар.

Қазір Қазақстанда «бұл кредиттен қалай құтылам» деп уайым жетегінде жүрген 1,5 млн адам бар. Бізде 9 млн адам экономикалық белсенді десек, былайша айтқанда, соның шамамен 12 пайызы дейік, осындай күнделікті уайым үстінде жүр.

Осындай уайымда жүрген адамның қолынан ештеңе келмейді. Жұмысын да дұрыс істей алмайды, кітабын да оқи алмайды. Бәрін жартылай істейді. Себебі санасында: «мә, 15-і күні кредитімді төлеуім керек» деген ой мазалап тұрады немесе банкі қоймай, қайта-қайта «звондап жатады»…

Ол адам ұйқыдан да, күлкіден де айырылады. Бұл адамдарды «өмір сүріп жатыр» деп толыққанды айтуға болмайды. Олар бір биологиялық ритмде жүрген сияқты – тұрады, тамағын ішеді, ұйықтайды. Көзінде ешқандай от жоқ…

Осы жағдайға оларды көп ретте бір сәттік эмоциялар алып келіп жатыр. Мысалы, «мына ақшаны бәрі алып жатыр ғой, мен де ала салайын, бірдеңе қылып қайтарармын» деп бір рет алады, екі рет алады. Қарыздың ішіне кіріп болды деген сөз ғой.

Сондықтан, сіз қаржы ұйымына келіп, кредит алуға қол қойып жатқан кезде осы ой тұруы керек. Бұл кредит маған қуаныш алып келе ме, сенімімді ақтай ма дегендей.

Банктер қаншалықты адал болды?

Шынын айту керек, кезінде банктер де адал болған жоқ. Қазір ғой, Агенттік (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – ҚС) олардың «мойнын бұрап», «әр адамға «переплатаны», кредиттің жылдық тиімді ставкасын айтып түсіндір, шарттарын жасырып қалма, айт!» деп міндеттейді. Бұл, енді, дұрыс.

Кезінде банктер адамдарға қанша қайтаратынын айтпай қойды ғой. Қол қойсаңыз ғана процентін айтамыз деген сияқты. Қазір, мысалы, банктер «кредитімді қайтармай қойды» деп «жылайды». Ол да кезінде банк тарапынан дұрыс жасалмағандықтан.

Олар айтуы керек еді: «шын мәнінде сен мына кредитті алсаң, үстінен қосылатын осындай проценті бар, бір күн төлемей қойсаң, осынша үстіне қосылады» деп. Осының барлығын азаматтарға түсіндіріп, айтуы керек еді.

Қаржы жүйесінде біздің банктердің осындай қателігі болды. Кезінде осының бәрін адамдарға айтпай қойды. Менен кредит алсын деді. Тек пайдасын ойлаған кездер болды.

Пікір иесі – қаржы сарапшысы Айбар Олжаев.


ПІКІР ЖАЗУ