Алматыдағы ЖЭО құрылысы баяулаған: Бектенов нысанды тексеруді тапсырды

07.04.2026 20:38 Арман Ермеков
Алматыдағы ЖЭО құрылысы баяулаған: Бектенов нысанды тексеруді тапсырды
44
Фото: Үкімет

Үкімет басшысы Алматыдағы 2 және 3-ші жылу электр орталықтарын жаңғырту жұмыстарының бәсеңдегенін естіп, жауапты тұлғаларға құрылыс алаңын барып тексеруді жүктеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласындағы жылу электр орталықтарын жаңғырту мәселесін көтеріп, құрылыстың аяқталу мерзімін кешіктірмеу керек екенін ескертті. Ол жауаптылардан нысандағы қазіргі жағдайды сұрап, жұмыс қарқынының төмендегені туралы шағымдарға назар аударды.

«Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, маған жұмыс қарқыны төмендеп кетті деген ақпарат түсті», – деді Олжас Бектенов.

Бұл мәселеге қатысты «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов аталған жобалардың ерекше бақылауда тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша мердігер ұйымға құрылысты күшейтіп, 3 ауысымдық жұмыс кестесін енгізу тапсырылған. Сонымен қатар жақында ғана нысандарға 1,5 мың жұмысшы тартылып, негізгі жабдықтар жеткізілгенін хабарлады.

Ақпаратты тыңдағаннан кейін Үкімет басшысы нақты жағдайды көзбен көріп, баға беру үшін тікелей тапсырма берді.

«Роман Васильевич, іс басына барып тексеріңіз, сосын нәтижесін баяндаңыз, объективті ақпарат керек», – деді Премьер-министр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий