«Мемлекеттен ештеңе сұрамаймын»: Айқын Төлепберген бесінші баласын күтіп жүр

Қазақстандық әнші, продюсер әрі актер Айқын Төлепберген жақында көпбалалы әке атанбақ, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі бұл туралы өз сөзінде әзіл мен шындықты араластыра жеткізді.
«Бесінші балам дүниеге келейін деп жатыр. Арнайы дайындық керек емес, жүре бересің. Негізі көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па? Бірдеңе бересіздер ме? Қанша дегенмен ана туды дегенімен, бәрін асырап жатқан мен ғой. Балалардың мектебі, киім-кешегі, үйірмелерінің бәрін төлеймін. Қалжыңдаймын», – деді Айқын.
Сонымен қатар ол әр баласының қос үйірмеге қатысатынын айтып, мемлекеттен көмек алуға мүмкіндігі болса да, оған жүгінбейтінін айтты:
«Әр балам екі үйірмеге барады, мемлекеттен бірнәрсе алуға болады екен. Бірақ мен мемлекеттен ештеңе сұрамаймын», – деп қосты ол.
Соңғы жаңалықтар





