"Зорлық-зомбылық эпицентрі": Ресейлік блогердің Қазақстан туралы видеосы желіде қызу талқыға түсті

13.07.2026 13:24 Абзал БАХЫТЖАНОВ
291
Фото: youtube.com/varlamov

Ресейлік блогер, журналист Илья Варламов Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне арналған видео жариялап, елді бұл проблеманың эпицентрі деп атады, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогердің сөзіне қарағанда, зорлық-зомбылықтың таралуына кейбір адамдардың отбасында ер адам басты рөл атқаратын дәстүрлі модельді ұстануы себеп болып отыр. Ол елдегі әрбір 4-ші зорлық-зомбылық отбасында жасалатынын алға тартты. Мемлекет тарапынан тирандармен күрес жүріп жатқанына қарамастан, кісі өлтіру деректері тоқтамай тұрғаны айтылды.

Бұдан бөлек видео авторы педофилия мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны қатаңдататын жаңа заңның іс жүзінде қаншалықты тиімді екеніне күмән келтірді.

Видео жарияланғаннан кейін көрермендер пікірі екіге бөлінді. Бірқатар қолданушылар автор жағдайды бұрмалап көрсетті деп есептейді. Ал екінші тарап бұл мәселенің расымен бар екенін және оны ашық айту қажеттігін қолдады. Қазіргі уақытта видео астында пікір өте көп және қазақстандықтар бұл мәселені Threads желісінде белсенді түрде талқылап жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий