Лауазымынан босатылған Туризм және спорт экс-министрі Астана әкімі болуы мүмкін

0
369

Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған Ермек Маржықпаев Астана қаласының әкімі болуы мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды.

Маржықпаев министр қызметін бір жылға жуық уақыт атқарды. Былтыр 2 қыркүйекте тағайындалған.

Журналистің жазуынша, Туризм және спорт министрлігінің тізгінін қазіргі Спорт комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов басуы ғажап емес.

Еске салсақ, Астананың қазіргі әкімі – Жеңіс Қасымбек.

Коллаж offside.kz



ПІКІР ЖАЗУ