Lexus LX 600, 100 жылқы, пәтер: Елдос Сметов сыйлықтарын жақындарына таратқан

0
188

Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында алған сыйлықтарын кімдерге бергенін айтты.

Айта кетсек, оған Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп, Lexus LX 600 көлігін сыйлаған еді. Елдос бұл көлікті әкесіне тарту еткен. Ал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйлаған Merсedes көлігін өзі айдауды жоспарлап отыр. Бұл көліктің мемлекеттік нөмірі де Елдостың салмақ дәрежесіне (060) сәйкес таңдалған.

Жалпы, чемпион Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Сондағы жерлестері де оған Haval 6 көлігін сыйға тартқан болатын.

Бұл көлікті мені 5 жасымнан бастап тәрбиелеген, спортқа махаббатымды оятқан Ахмет Жұмағалиға сыйладым. Ол кісінің жасы қазір 74-те, – деді Елдос Сметов.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімдігі демеушілермен бірлесіп, 5 бөлмелі пәтердің кілтін табыс еткен-ді. Ол да өзінде қалды. Ал демеушілер берген 2 бөлмелі пәтерін жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке тарту еткен.

Жамбыл облысы дзюдо федерациясының президенті арыстанның терісін берген десек, спортшы оны да бір досына сыйлап жіберген. Тіпті, ақтөбелік танымал кәсіпкер сыйлаған 100 жылқының өзін екінші ағасына беретін болыпты.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі



ПІКІР ЖАЗУ