Литвада 2 қабатты тұрғын үйге ұшақ құлады

0
55

Вильнюсте екі қабатты тұрғын үйге ұшақ құлады. Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алып, бір адам қайтыс болды.

Полиция мәліметінше, әуе апаты 25 қарашада таңғы сағат 5:30-да болған. DHL компаниясының жүк ұшағы екі қабатты тұрғын үйге құлаған.

Ұшақта 4 адам болған: екі пилот және екі жұмысшы. Құтқарушылар ұшақ қирандыларының астынан бір пилотты алып шықты, ол есін жиған.

Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілген, ал бір адам қаза тапқан.

«Ұшақ құлаған үйдің барлық тұрғындары, алдын ала мәлімет бойынша, тірі», – деп мәлімдеді үкімет жанындағы дағдарыс басқару орталығы.


ПІКІР ЖАЗУ