Ұлттық Банк коллекциялық Ai Kun және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағын сатуға шығарды

0
48

Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы 14 наурыздан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Сиқырлы нышандар» сериясынан коллекциялық AI•KÚN және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағы сатуға шығарылатынын хабарлайды.

AI•KÚN коллекциялық монеталары күмістен дайындалған. Металл сынамасы – 925/1000. Монеталардың өзі жоғары бедерлі, алтын жалату және екі жақты тотығу технологиялары қолданылған. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – black proof, номиналы – 500 теңгелік. Таралымы – 3 000 (үш мың) дана.

«Қар барысы» кәдесыйлық блистер жинағы ұлттық валюта – теңгенің айналыстағы монеталарының номиналды қатарынан тұрады. Таралымы – 30 000 дана

 


ПІКІР ЖАЗУ