Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру 2 есе ұлғайды
«Осы жылдың 4 айының қорытындысында мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 213,1 мың тонна болды. Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады. Сонымен қатар министрлік жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту бойынша бірқатар шара қабылдап жатыр», — деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Оның айтуынша жыл соңына дейін 628,3 мың тонна мұнай-газ-химия өнімі шығарылады.