Мәсімовтың ісі неліктен құпия қаралып жатыр — Әділет министрінің жауабы

0
124

Әділет министрі Қанат Мусин ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істің неліктен «өте құпия» айдарымен тергеліп жатқанын түсіндіруге тырысты. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі хабарлайды Ulysmedia.kz  сілтеме жасап.

Мусин бұл сұраққа жауап бере алмайтынын, себебі ол іс Бас прокуратураның құзырында екенін айтты.

«Сұрағыңызға жауап бере алмаймын, себебі Әділет министрлігі бұл істі тексеріп жатқан жоқ. Бұл сұрақты Бас прокуратураға жолдау керек», — деді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік құпиялар ашылуы мүмкін тергеулерді заң бойынша құпияға жатқызуға болады.

«Жалпы ережелерге сәйкес, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары, әдістері мен күштеріне қатысты істерді тергеу кезінде мемлекеттік құпияларға қатысты мәліметтер болған кезде іс жүргізу құпия болып табылады. Бұл заң», — деді Мусин.

www.kznews.kz


ПІКІР ЖАЗУ