Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық кеңеске жолданды
Конституциялық Кеңес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын қарау үшін өз өндірісіне алды.
Конституциялық Кеңес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ҚР Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде. Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, делінген хабарламада.
Дереккөз: Zakon.kz