Мәжілістің бір мандатты депутаттарын кері шақырып алу жоспарлануда

0
69

 

Заңмен бекітілген «Ашық бюджет» қағидатыаясында Орталық сайлау комиссиясы биылғы электоралдық кезеңде қанша миллиард теңге шығындалатынын жариялады.
Атап айтқанда, «2-Сайлау өткізу» бюджеттік бағдарламасы аясында 2024 жылы – 8 млрд 50,9 млн теңге, 2025 жылы – 6 млрд 558,3 млн теңге, 2026 жылы – 6 млрд 569,1 млн теңге қаражат бөлініп отыр.

Соның ішінде биылғы жылы әртүрлі деңгейдегі сайлау комиссияларының 4 561 бірлігі құрылып, жұмысқа тартылатыны көрсетілген.

Салыстырар болса, 2022 жылы референдум, Президент сайлауы өткенде сайлаукомдардың саны 20 633 бірлікке жетіпті.

Ағымдағы жылы бөлінетін 8 миллиардтан астам қаражаттың басым бөлігі 6 млрд 406,7 миллионы аумақтық сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Бағдарламаға түсініктемеде бір тосын жайт бар: «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» заңына сәйкес, бір мандаттыаумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардепутаттарын кері шақырып алу жоспарлануда», – делінген ресми құжатта.

Еске сала кетсек, 2023 жылы өткен кезектен тыс Парламент Мәжілісі сайлауында бір мандатты сайлау округтерінен 29 депутат сайланған болатын. Олардың ішінде блогері, спортшысы және басқасы бар, бірнешеуіқоғамның қатаң сынына тап болды. Сарапшылар бір мандатты депутаттардың біразының белсенділігі төмен екендігіне, бар-жоғы білінбейтініне назар аудартып жүр. Сол себепті «бұлар ел үмітін ақтады ма?» деген сауал туындады. Оның жауабы таяуда беріліп қалуы ғажап емес.

«2024–2026 жылдары Парламент депутаттарының қайта сайлауын(перевыборы), мәслихат депутаттарының шығып қалғандардың орнына сайлауын, сонымен қатар «ҚР сайлау туралы» заңынасәйкес, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кері шақырып алу жоспарлануда (орысша нұсқасында: На 2024-2026 годы планируется проведение перевыборов депутатов Парламента РК, маслихатов, а также отзыв депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов, избранных по одномандатным территориальным избирательным округам).Бұл бағдарлама шеңберінде сондай-ақ «ҚРсайлау туралы» конституциялық заңның 19-бабы 3-тармағына сәйкес, өз қызметін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін қамтужоспарлануда», – деп түсініктеме берді Орталық сайлау комиссиясы бюджеттік бағдарламаға.

Демек, ел сенімінің үдесінен шықпаған бір мандатты депутаттар мерзімінің соңына дейін отыра алмайтын түрі бар.

Осылайша, бюджеттік бағдарламаның шеңберінде Парламент депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтитын іс-шараларды қаржыландыру көзделеді.

Бюджеттік бағдарлама аясында сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысытөленеді. Қаражат сонымен қатар оларды техникалық қамтамасыз етуге, көліктік шығыстарына, БАҚ-тағы жарияланымдарға, байланыс қызметтеріне, полиграфиялық шығыстарына, кеңсе және шаруашылық тауарларды, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға, іссапар шығыстарына шығындалады.

ОСК консультанттар, сарапшылар жалдап,еңбекақысын береді. Жылжымалы және стационарлы дауыс беру жәшіктерін дайындау, сайлау комиссияларына лупаларды сатып алу, кандидаттардың БАҚ-та сөйлейтін сөздері, кандидаттардың көпшілік сайлау алдындағы іс-шараларын өткізу және партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа үміткерлердің үгіт материалдарын шығару да бюджеттен қаржыландырылатыны мәлім етілді.

Ортсайлауком өз ғимаратында және дауыс беруге арналған үй-жайларда орналасатын, Парламент және мәслихаттар депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзге де мүшелігіне кандидаттар туралы, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындайды.

Бұған қоса, әкімдер додады да ұйымдастырылады.

Орталық сайлау комиссиясы аудан әкімдерін, облыстық маңыздағы қалалар әкімдерін жергілікті тұрғындардың тікелей сайлауын өткізудің қаншаға түсетінін де жария етті. Осы мақсатта облыстық бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферт қаражат бағытталады.

Аудан-қала әкімдерінің тікелей сайлауын дайындауға және өткізуге 2024 жылы 3 млрд563 млн теңге бөлініпті.

Бұл сомаға «45 сайлау кампаниясы өткізілетіні» жазылған.


ПІКІР ЖАЗУ