Мадина Сәдуақасова жанды дауыста ән шырқай алмай, сынға қалды
Танымал эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова тойда жанды дауыста ән шырқаймын деп желі қолданушыларының сынына ұшырады.
Өнер иесі актриса Жұлдыз Өмірғали мен әнші Айқын Төлепбергеннің тойында жанды дауыста ән шырқауға тырысқан. Дегенмен, әншінің әрекеті желі қолданушыларына жақпай қалды.
«Дауыс қайда?», «Бәрі фонограммамен айтады ғой», «Шын дауыстары жоқ екен ғой, ұят», «Артынан айқайлай салды ма?», «Өзі де болмай қалғанын түсінді-ау», – деп жазды желі қолданушылары.