«Майысып». Құдасымен билеген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

0
440

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің инстаграм-парақшасында кіші келінінің әкесімен видео жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова құдасымен Қазақстанның әдемі табиғатында видео түсірген.

«Құдаммен оқырмандарым үшін, көтеріңкі көңіл-күй болсын деп, тик-ток түсіріп тастадық. Құдам риза болсын десеңіздер алаулатып отттан, жүрек лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы», – деп жазды продюсер.

Продюсердің кей оқырмандары «мың жылдық құда» болыңыздар деп жақсы тілектерін жаудырса, басқалары оның «майысып» тұрғаны ерсі көрінетінін айтып, сынға алды.

«Енді осы жетпей тұр еді», «Осы үлкендер не болып барады», «Күйеуіңіз қызғанып қалмасын», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova


ПІКІР ЖАЗУ