Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

0
61

 

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

 


ПІКІР ЖАЗУ