“Мен тірімін”: Депутат Дәулет Мұқаев ауруханаға түсті
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы парақшасында бөлісті.
Дәулет Мұқаев видео жариялап, ота жасалатынын айтты.
«Лайфхак. Әзіл шыны аралас рилс. Мен тірімін. Ертең жақсылап пост саламын. Ауырмаңыздар! Аман болайық», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары депутаттың тезірек сауығып кетуін тіледі.