«Менің асымды ішіп, үйімде жылдап жүрдің»: Қайрат Нұртастың анасы сотта сөйледі
Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртастың ісі қаралып жатыр. Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова сотта сөйледі,-деп хабарлайды politico.kz
Сонымен қатар сотта Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да сөз сөйледі.
«Екеуің де кінәлісіңдер, сол үшін халық алдында масқараламай, артық сөздің керегі жоқ, лучше бір-біріңді кешіргендерің дұрыс. Осы үйімде менің асымды ішіп, жылдап жүрдің. Анаң ретінде айтайын. Бір-біріңнен кінә іздемей-ақ қойыңдар», – деді продюсер.