«Менің тыныштығым»: Айгүл Иманбаева жолдасын көрсетті
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оған әсерлі жазба арнады.
Өнер иесі отағасы екеуінің фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда жолдасының актрисаны сүйіп тұрғанын байқауға болады.
«Мына шулы өмірде сен менің тыныштығымсың», – деген жазба қалдырды Иманбаева суреттің астында.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.
«Бақытты болыңдаршы. Көз тимесін», «Таптым-ау сені деген осы ғой», «Жүректі жылытатын сурет. Құшақтадым», «Махаббаттарың баянды болсын», «Өте жарасымды, көрікті жұпсыздар», «Әр қазақ қызы бақытты болуға лайықты», «Қандай керемет жұрп», – деп жазуда көпшілік.