Моңғолия қазақтары: достық пен ынтымақтастық жолында
2023 жылдың 4-8 шілде аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» қоғамы ұйымдастыруымен және Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің қолдауымен Ұлан-Батыр, Қобда, Баян-Өлгей аймақтарында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында екі ел арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Моңғолия қазақтарының IV Кіші Құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Politico.kz тілшісі Өзгеріс.инфо порталына сілтеме жасап
Сонымен қатар, 8-9 шілдеде Ресей Федерациясының Алтай Республикасындағы қазақтар мекендейтін Қосағаш ауданында және Алтай өлкесі орталығы Барнаулдағы қандастармен кездесу өткізіп, рухани кеш ұйымдастырылады.
«Отандастар қоры» қоғамы тарапынан осындай іс-шараларды өткізу елдеріміз арасындағы достық көпірді нығайтып қана қоймай, Моңғолия және Ресей қазақтарының ұлттық бірегейлігін арттыра түсуге және елімізбен рухани байланыстарды нығайтуға де өз үлесін қоспақ.