Мөлдір Әуелбекова мен Дина Төлепберген эфирде ұрсып қалды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова «Астарлы ақиқат» бағдарламасының түсірілімі кезінде тележүргізуші Дина Төлепбергенмен сөзге келіп қалды.
Әнші эфир кезінде ашуланып, журналистің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.
«Астарлы ақиқатқа» қайта келгенін айтқан Дина Төлепберген Instagram-дағы парақшасында бағдарламаның анонсын жариялады.
Видеода тележүргізуші Мөлдір Әуелбековамен сұқбаттасып отырғанын көруге болады. Алайда әнші бір уақытта оның сұрақтарына жауап беруден бас тартады. Ол өзіне алдын ала келісілмеген сауалдарды қойған журналиске шүйлігіп, түсірілімді тоқтатуды талап етеді.
Желі қолданушылары бұл үзіндіні қызу талқылап, екеуінің неге сөзге келіп қалғанын түсіне алмай жатыр,