Мұхтар Мағауин көп әйел алуды құптайды

0
103

Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин журналист Ләззат Мырзашқа берген сұхбатында көп әйел алуға қатысты өз пікірін білдірді.

Мен көп әйел алу туралы «Лениншіл жасқа» 1993 жылы «Бір отбасы, бір үйелмен» деген мақала жазғанмын. Аламын деген адам ала берсін. Мысалы, Еуропада әйелге әйел, еркекке еркек үйленіп жатыр. Неше түрлі былық. Бұл – табиғи нәрсе. Егер бірнеше әйел бір еркекке тиігісі келсе, неге біз тоқтатамыз? Әйелді әйел алып жатқан жоқ қой, – деді жазушы.

Оның айтуынша, Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, Конституция бойынша рұқсат жазылмайды. Сондықтан тоқал алуды заң жүзінде қудалаған дұрыс емес екен.

Фото: Halyq Uni



ПІКІР ЖАЗУ