«Мұрын жасатуға 3 ай кетеді»: Дариға Бадықова бет-әлпетін өзгерткісі келмейді

0
240

Актриса Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында дене бітіміне тиісіп, өзін сынайтындарға қарсы жауап берді.

Жаңа дәуірдің балалары болған соң, олардың түсінігі бөлек. Маған «2 миллиард жинаған актрисасың ғой, ерніңді, көзіңді, қасыңды жасатпайсың ба?» деп жиі айтады. Енді бойжеткен қыз болғаннан кейін олардың өмір сүру әдісіне сыйластықпен қарау керек. Бірақ мен өзім өзгеруге қорқады екенмін. Мұрын жасатуға 3 ай кетеді екен. «Актрисалардың ішіндегі былай жүретін адамсың ғой» дейді маған. Менің былай жүрмей-ақ көзге түсіп қала беретін әдетім бар. Сондықтан ойбай мен көрінуім керек деп тырыспаймын да, қысылмаймын да. Бір жерге баратын болсам да қоразға ұқсап киінгім келмейді. Менде бәрі талғаммен, – деп жауап берді актриса.

Еске сала кетсек, ол бұған дейін өзінің арзан дүниелерді менсінбейтінін, тек қымбат дүние алатынын айтқан еді.

Менің табиғатым элегантностты қалайды. Көзге көрініп тұратын киім, арзан шаш үлгісі, әшекей етіп тағатын сырға дегендерді қаламайды екен. Жандүнием арзан нәрселерді менсінбеді. «Менсінбеймін, болды» деді. Бұл – менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар, қайдасыздар? – дегенді де айтқан осы Дариға Бадықова.

Фото: Caravan.kz



ПІКІР ЖАЗУ