«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек келіншегінің арманын орындады

0
422

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әйеліне қымбат сыйлақ жасады. Өнер иесі келіншегіне салоннан көлік сатып әперген.

Кенжебек Жанәбілов әйеліне ерекше сыйлық тарту еткенін Instagarm-дағы парақшасында жария етті.

Ол келіншегіне су жаңа көліктің кілтін табыстап жатқан видеосын жариялап, көпшілікке көрсеткен. Өнер иесі өзіне төрт перзент сыйлаған жарына Lexus автокөлігін сатып әперген.

«Қолдан келгенше жақсылық жасап, ниетті дұрыстасаңыз, армандар орындалады», – деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты үшін қуанып, оларға жылы лебізін білдірді.


ПІКІР ЖАЗУ