Нұрлан Мәсімовтің ісі: тәркіленген көліктер кімге бұйырды?
306
Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген мүлік қай мемлекеттік органдарға беретіні белгілі болды.
Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сотталған мердігер Евгений Евковичтен тәркіленген көліктер Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша басқармасына тапсырылды ,-деп хабарлайды politico.kz
Екі көлік те мемлекеттік мекемелерге тегін берілді.
"Kia Sorento маркалы автокөлік ҚР Бас прокуратурасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің балансына, Toyota RAV4 автокөлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің пайдалануына берілді", - деді Павлодар Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Еркін Смағұлов.Бұл көліктердің сатылғаны туралы ақпарат биыл көктемде мемлекеттік аукцион сайтында пайда болды. Ресми мәлімет бойынша, қара түсті 2021 Kia Sorento кроссовері 18,5 миллион теңгеге, ал 2021 жылы зауыт конвейерінен шыққан Toyota RAV4 16,7 миллион теңгеге бағаланды. Кроссоверлер Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша ірі көлемде мүлікті ұрлағаны үшін сотталған кәсіпкер Евгений Евковичке тиесілі екені белгілі болды. Тергеу барысында кәсіпкердің павлодарлық полицейлерге арнайы құрал-жабдықтар, оның ішінде оқ өтпейтін жилет, дулыға және резеңке таяқшаларды жоғары бағамен жеткізгені анықталды.
Последние новости
05.03.2026
23:06
Қазақстанға циклон келе жатыр: 6 наурызда ауа р...
05.03.2026
23:05
Қазақстанға циклон келе жатыр: 6 наурызда ауа р...
05.03.2026
22:21
«Қазақ әнін тыңдамаймыз»: Көкшетауда қазақ музы...
05.03.2026
21:06
Абай облысында сарбаз көз жұмды
05.03.2026
20:38
Тоқаев Иранның Әзербайжанға қарсы жасалған әре...
05.03.2026
19:17
Бектенов әкімдіктерге су тасқынына дайындалу үш...