Наркенже Серікбаева әншілерді тегін тойға жіберетін басшыға ескерту жасады

0
382

Белгілі әнші Наркенже Серікбаева өзі қызмет атқарған Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының былығын ашты.

Мен су ішкен құдығыма ешқашан түкірген емеспін. Шәмші атамыздың атындағы сарайды жарға жықпай, керісінше, жарқырағанын қалайтын жанмын. Әнұранымыздың авторы, ұлы композитордың атын иемденген, жамау-жамау күйдегі филармонияның бүгінгі жай-күйін айттым. Шындық ащы болады, біраз кісілер шыңғырып жіберді, – деді әнші.

Одан кейін ол басшылықтың филармониядағы әншілерді тегін тойға шығаратынын да жайып салды.

Ғалымжан мырза, сосын сізге айтарым, қызметіңізді асыра пайдалана бермеңіз! Қалаған уақытта шақырып алатын әнші қыздар сіздің қолжаулығыңыз емес. Әнші қыз-жігіттерді жұмыстан тыс уақытта тегін тойға жіберуді қойыңыз! Олар да бір айлыққа қарап отырмай, кешкі тойға шығып, ақшасын тапсын! Өнер адамына еркіндік сыйлаңыздар! Құзыретіңізді абайлап пайдаланыңыз! Менде біраз материал бар. Бәлеқор емеспін. Бірақ мені ашуландырмаңыз! – деп ескертті Наркенже Серікбаева.



ПІКІР ЖАЗУ