«Не ауру, не күнәһар»: Мұхамеджан Тазабек үйленбей жүргендерге қатысты ойын айтты

0
337

Танымал айтыскер ақын, дінтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек үйленбей жүрген адамдарға қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасындағы видеода айтты.

“Егір сіздің денсаулығыңыз ұрып тұрса, жасыңыз жетіп тұрса, басыңыз бостандықта болса, қаржы-қаражатыңыз жеткілікті бола тұра үйленбеу, ол – күнә. Себебі ғұламалардан қалған “Бір адамның осыншама бүкіл жағдайы бола тұрып үйленбесе, ол не ауру, не күнәһар” деген сөз бар. Сондықтан жағдайыңызға қараңыз.

“Ал енді жағдайыңыз жартылай болса, сәл сабырмен күтуге тура келеді. Ал үйленуге денсаулығыңыз мүлдем жарамаса, бір адамның тағдырын қор қылатындай болсаңыз, онда сабыр қылып, Алладан сұрап, денсаулығыңыз түзелгенше, біреуді асырауға мүмкіншілігіңіз жеткенше сабыр қыласыз”, – деді Мұхамеджан Тазабек.


ПІКІР ЖАЗУ