«Өнерден кетемін»: «Қойшы бала» Жігер Ауыпбаевқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Көпшілікке Жігер Ауыпбаевтың шәкірті ретінде танылған әнші Айдос Кәден ел күтпеген мәлімдеме жасады. «Қойшы бала» желідегі суретінің астына өзі пікір қалдырып, өнерден кететінін айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Жақында Жігер Ауыпбаевпен жұмысын тоқтатқан әнші өзіне айтылған сыни пікірлерге алғаш рет жауап берді. Ол TikTok желісіндегі парақшасына суретін жүктеп, астына пікір қалдырды.
«Бұйырса, ағайын. Өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қателігім – Жігер ағамнан кетіп қалғаным.
Кешіріңіздер», – деп жазды ол. Еске сала кетейік, осыған дейін Жігер Ауыпбаевтың өзі продюсерлік еткен «Қойшы баламен» мүлде араласпай кеткені белгілі болды. Көп ұзамай «Қойшы бала» жұртқа жаңа продюсерін таныстырды. Артынша отандық эстрада жұлдызы Айдос Кәденді «су ішкен құдығына түкірмеуге» шақырды.