Олимпиадаға барудан бас тартқан Рыбакина күтпеген мәлімдеме жасады

0
1508

Нью-Йоркте өтіп жатқан US OPEN турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ойнамайтын болды, деп хабарлайды Politico.kz.

US OPEN турнирінің екінші айналымдық матчында Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина француз спортшысы Джессика Поншеге қарсы ойнауы тиіс болатын. Алайда кездесуге бір сағат қалғанда ұйымдастырушылар Рыбакинаның кортқа шығудан бас тартқаны туралы хабарлады.

Өкінішке қарай, жарақаттарыма байланысты бас тартуға мәжбүр болдым. Сезонның соңғы “Үлкен дулыға” турнирін осылай аяқтағым келмеді, бірақ ағзамды тыңдауым керек болды. Жыл соңындағы жарыстарды сәтті өткіземін деп ойлаймын. Мені қолдаған және қолдап жатқан барлық жанкүйерлеріме  алғыс білдіремін. Ал қалған ойыншыларға сәттілік! – деп мәлімдеме жасады Елена Рыбакина.

Айта кетейік, бұл қазақстандық теннисшінің бірінші рет ойыннан бас тартуы емес. 2022 Уимблдон чемпионы биылғы сезонды үш титулмен өте жақсы бастаған. Сосын Доха мен Майами мастерстерінің финалында ойнады. Алайда денсаулығына байланысты бірнеше турнирден бас тартты. Атап айтсақ, Дубай, Индиан Уэллс, Рим, Канада мастерстері және Париж Олимпиадасы.

АҚШ ашық біріншілігінің жекелей сынында тағы бір спортшымыз Путинцева жарысты жалғастырып жатыр. Юлия бүгін қытай теннисшісі Ван Синьюйды жеңіп, үшінші айналымға жолдама алды.

Фото: Robert Prange/Getty Images



ПІКІР ЖАЗУ