«Өлтіре бер»: Мектептегі әлімжеттіктен қаза тапқан оқушының ата-анасы сұмдық жайттың бетін ашты

0
1700

Қыркүйек айының басында Ақтөбе облысында әлімжеттік салдарынан тағы бір оқушы көз жұмған еді.

«Көреміз» бағдарламасына әділдік сұрап марқұмның жақын туыстар келіп, мән-жайды мәлім етті.

6 баланың анасымын. Нұржан – екінші ұлым. 2009 жылы 6 қазанда дүниеге келді. Балаларым кішкентай болғасын мектептегі әлімжеттік дегенді білмеппін. Нұржанның өлімінен кейін ауыл шулап кетті. Мектепте буллинг бар екен. Бәленің бәрі 9-сыныпқа көшкеннен кейін басталып отыр. Мама, 15 жасымды күшті етіп тойлаймыз ғой» деп айтып жүретін. Оған жетпеді. 10-11 сыныптың балалары жабылып ұрған. Сол оқиғаны көрген көрші бала анасына жүгіріп келіп, «Біржан ағаның баласы құлап жатыр» депті. Қатты қорқып кеткен сияқты. Ескі моншаның ішіне жиналған. Көліктің жарығы шағылыса бергесін, ескі үйге апарып, төбелесті жалғастырған. 11-сынып оқитын оқушы «Нұржанды өлтіре бер, өзім жауап берем» депті. Менің баламда нендей әкесінің құны бар?! Енді жауап берсін. Қарақұстан тепкеннен кейін, тұрмай қалған, – деді Амангүл Раушанова.

Марқұм Нұржанның туыстары іс бұрмаланып кетеді деп алаңдаулы. Оған себеп жоқ емес. Оқиғаға қатысты тек үш оқушы қамауға алынған. Қалғандары еркіндікте жүр дейді туыстары.

Мектептегі әлімжеттік бұрыннан бар. Жоғары сынып оқушылары төменгі сыныптағы балаларға әлімжеттік жасайтын. Нұржанның дене бітімі ірі болғасын, көбінде ол сыныптастарын қорғап жүретін. Бокс үйірмесіне барған. Сыныптас қыздары: «Нұржанды қаттырақ ұрыңдар» деген сөзді айтып жатыр. Одан кейін туыс қарындасына «10 удар аламын да, қайтып келемін» деп жазып жіберіпті, – деді марқұмның әпкесі Аяжан Сыдық.

Еске салайық, оқиға қыркүйек айының басында орын алды. Кешкілік үйінен шығып кеткен жасөспірім көшеде өлі табылды. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.



ПІКІР ЖАЗУ