Олжас Бектенов президентке су тасқыны салдарын жою жұмыстары жөнінде есеп берді

0
84

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкімет басшысы су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар жөнінде баяндады:

– 30 770 отбасыға 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 11 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген;

– зардап шеккен аймақ тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы, 15103 тұрғын үй тексеріліп, 11186 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған;

– қазіргі таңда 432 отбасы бұзылған баспаналарының орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болған. Атап айтқанда, тұрғындарға Қостанай облысында 225, Ақмола облысында 83, Ақтөбе облысында 76, Солтүстік Қазақстан облысында 40, Қарағанды облысында 6, Павлодар облысында 2 баспана берілген;
зардап шеккен азаматтар үшін 1862 жаңа үй салынып жатқаны туралы мәлімет берді:

– Батыс Қазақстан облысында 394, Қостанай облысында 184, Атырау облысында 48, Ақтөбе облысында 494, Ақмола облысында 273, Солтүстік Қазақстан облысында 500, Павлодар облысында 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2947 отбасыға баспанасын жөндеу және қалпына келтіру үшін өтемақы төленген;
зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатқанын айтты:

– 4115 отбасы жалпы сомасы 1 миллиард теңге көлемінде өтемақы алған. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің көлемі 2,3 миллиард теңгеден асқан;

тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Аймақтық комиссиялар тексеру жұмыстарының нәтижесіне сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерінің 12 өтінімін қарастырып, мақұлдаған. Оған жалпы сомасы 21 миллион теңге бөлінген:

– жалпы, шығынды өтеу және құжаттарды өткізу тәртібін білу үшін 1432 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Алдын ала бағалау бойынша су тасқынынан 731 бизнес субъектісі зардап шеккен.


ПІКІР ЖАЗУ