Орман өртімен жасанды интеллект арқылы күресеміз – Экология министрі

0
75

 

Қазақстан орман өртін ерте анықтау үшін жасанды интеллектті пайдаланады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты

«Орман өрттерін сапалы және уақтылы анықтау, орман шаруашылығына цифрландыруды енгізу президенттің жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында мақұлданды. Жобаны іске асыру үшін жасанды интеллектті қолданып, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша тиісті техникалық тапсырма әзірленді. Жоба аясында еліміздің орман қорының аумағында әртүрлі көздерден алынған деректерді топтастыру арқылы өртті ерте анықтау және жедел шешімдерді қабылдауға, мониторинг жүргізу үшін бірыңғай ситуациялық орталық құру жоспарланып отыр», деді министр.

Өртті анықтау радиусы 30 шақырымға дейін айналмалы көру мүмкіндігі бар бейнебақылау камераларының көмегімен іске асырылады», – деді Ерлан Нысанбаев.

Ол аталған жүйе ұлттық парктерге қойыла бастағанын атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ