Өрттен бір үйдің 5 баласы бірдей жанып кетті

0
268

Түркияның Измир аймағындағы Селчук ауданында бір үйдің бес баласы өрттен қаза тапты.

Өрттің шығуына үйдегі  электр пешінен шыққан ақау себеп болған.  Үйде қараусыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі балалар түтінге тұншығып мерт болды.

5 баланың 27 жастағы анасы ескі заттарды сату үшін базарға кетіпті. Ал балалардың әкесі бірнеше жыл бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталып кеткен. Балалардың анасы қамауға алынды.

Бұл жантүршігерлік оқиға Түркияны дүр сілкінтті. Парламент депутаттары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған бағдарламаны қайта қарау керектігін мәлімдеді.

Кілтсөздер:ӨртТүркия


ПІКІР ЖАЗУ