«Орыстарды қыру керек» деген Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен кетті

0
96

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қызметінен босатылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жарлыққа Украина президенті Владимир Зеленский қол қойды.

Врублевский Петр Юрьевич Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын,

— делінген хабарламада.

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқанын Экспресс К жазды.

politico.kz

exk.kz


ПІКІР ЖАЗУ