«Өзі ұзатылатындай»: қыз ұзатқан Айдарбекованың көйлегі желіде қызу талқыға түсті
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде қыз ұзатудан видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік оның киген образына қатысты түрлі пікір қалдырған.
Гүлзира Айдарбекова туыстарының қызын ұзататын болған соң еліміздің танымал дизмайнеріне арнайы көйлек тіктірткен.
«Ерке қызымызды абысынымның қалауымен өзім ұзатар болған соң, арнайы осылай ерекше көйлек тіктіріп, киіп шығарып салдым. Әр шаңырақта дүркіреген той болсын! Бұған дейін де біраз туыстарымның қыздарын ұзатқан болатынмын. Бұл жолы өзіме өте жақын қайын сіңілімді ұзатуға лайықтысың, әулетіміздің мақтау тұтатын келіні, әрі қызымыздың жеңгесісің деп, сенім білдірген абысыныма алғысым шексіз! Қызымыз өзім сияқты барған әулетінің батасын алып, үлкен әулетті отбасы болып, құдаларымыз 1000 жылдық болуын жазсын Алла», – деген жазба қалдырды продюсер Instagram-дағы парақшасында.
Қайрат Нұртастың анасының ерекше образы желіде қызу талқыға түсті. Бірі оған бәрі жарасатынын жазса, енді бірі оған жасына сай киінуге кеңес берген.
«Қазақи үлгіде киіну керек еді», «Жас емессің ғой. жасыңа лайықты киім киші», «Мына көйлек мүлдем ұнап тұрған жоқ», «Балалардың бассейін сияқты ма? Не киіп алдыңыз, апамау», «Өте ерекше образ екен. Сізге бәрі де жараса кетеді ғой», «Өзіңіз ұзатылатындай киініп алыпсыз ғой», «Осылай қыз ұзатады ма», «Көйлек от», – деп жазуда көпшілік.