Пәкістанда Қазақстан және басқа да елдердің елшілермен келе жатқан көлік минаға түсті
Пәкістанда 12 мемлекеттің елшісі отырған кортежге ілесіп жүрген полиция көлігі жарылды. Дипломаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
22 қыркүйекте Хайбер-Пахтунхва провинциясында 12 мемлекеттен келген елшілерді алып жүрген полиция көлігін мина жарып жіберді. Дипломатиялық корпустың өкілдері зардап шеккен жоқ. Елшілер Исламабадқа жеткізілді. Олар Исламабад Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туристік конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бара жатқан, – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, колонна құрамында Қазақстан елшісі де болған. Алайда қазір оған да, басқа шетелдік елшілерге де қауіп төніп тұрған жоқ.