«Палестина тұрғындарына жиналған ақша да жоқ»: Перизат Қайрат тағы не бүлдірді?
Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша тағы бір қосымша ақпараттың анықталғанын мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше ол су тасқынынан бөлек, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған қаражатты да жымқырған.
Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын алға тартты.
2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды, делінген хабарламада.