Павлодар облысында ер адам 15 жастағы қызын зорлады

0
791

Павлодар облысында ер адам 15 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталды.

Деректерге сүйенсек, оқушының бойындағы өзгерістерді сынып жетекшісі байқап, өгей әкесінің зорлағанын білген.

Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша күдікті Баянауыл ауданындағы ауылдық мектептердің бірінің 15 жастағы оқушысының өгей әкесі.

«Бұл факт сынып жетекшісінің арқасында анықталды. Ол оқушының жағдайын байқап, оны бақылай бастаған. Тұрғылықты жеріне барып, қызбен сыпайы түрде ашық сөйлескен. Кейін алгоритмге сәйкес бірден барлық мүдделі тұлғаларды хабардар етті», – деді Шакенева.

Полиция да бұл ақпаратты растады.

«Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді»,-деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ