Павлодар облысының тұрғыны желіде танысқан 13 жастағы қызды зорлаған
0
835
Павлодар облысында ер адам Telegram мессендержері арқылы 13 жастағы қызбен сөйлесіп, артынша оны зорлап кеткен. Бұл туралы Kazinform хабарлады.
Айта кетсек, кейінгі бір апта көлемінде облыста жасөспірім қыздарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеудің 3 оқиғасы анықталып отыр. Ал жыл басынан бері кәмелет жасына жетпегендердің жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар бойынша 10 факті белгілі болған.
Павлодар облысында кәмелет жасына толмаған 13, 16 және 17 жастағы қыз балаларды зорлау фактісі расталды. Алғашқысы Екібастұз қаласында болған. Ер адам Telegram мессендержері арқылы қызбен сөйлесіп, кейін онымен кездесіп, ойындағы зұлым әрекетін іске асырған. Ал 16 және 17 жастағы қыздар өзге өңірлерде тұрады. Олар өздерінің зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны туралы ешкімге тіс жармаған. Барлығымен сөйлестім. Қыздардың бірі бірнеше күн отыра алмағанын мойындады. Қолын ұстағанымда дірілдеп, көз жасын төгіп, жылады. Мен бұл жағдайға оның кінәлі емес екенін түсіндіруге тырыстым, – деді бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова.Оның айтуынша, зорлық-зомбылық жасайтындар көбіне өз әкесі немесе өгей әкесі, отбасының өзге туыстары, бірге тұратындар, көршілері, отбасының достары болып шығады. Ал Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов 16 және 17 жастағы қыздарды зорлау фактісі бойынша бір күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – деді ол.Фото: niknyuteva.ru
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
05.01.2026
15:36
"Қуатты": Жамбыл және Алматы облысында жер сілк...
05.01.2026
15:28
Назарбаевтың немересі Дубайда дүркіретіп той жа...
05.01.2026
15:27
Шымкентте түрме қызметкерлері қамауға алынды
05.01.2026
14:55
Қазақстандағы екі ірі банктің жүйесі сыр берді
05.01.2026
14:01
"Көрші елде нөмір қосылған": Атырауда жоғалған ...
05.01.2026
13:59
Түрме басқарған түрмеге түсті