Полиция енді құқықбұзушылардың кешірім сұраған видеосын түсірмейді

0
67

 

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түрлі құқықбұзушылық жасаған айыптылардың қоғам алдында кешірім сұрау тәжірибесі енді қолданылмайтынын айтты.

«Біз жалпы ақпараттық кеңістікті талдап жатырмыз. Оның ішінде әлеуметтік желі пайдаланушыларының, халықтың пікірін зерттейміз. Қазір айыптылар жауапқа тартылса да, полиция оларды күштеп кешірім сұрататындай көрінеді. Жоқ, олар өз еркімен кешірім сұрайды. Жағдайды жеңілдету үшін видеоға түсірілген, бірақ бұл керісінше әсер берді. Халық кешірім сұраған айыптылар жазадан сытылып кетеді деп ойлайды», – деді Шыңғыс Әлекешев. 

 


ПІКІР ЖАЗУ