Президент Баян Алагөзоваға не үшін алғыс білдірді

0
97

Танымал продюсер Баян Алагөзова Республика күніне орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алды.

Ол Instagram парақшасында мемлекет басшысынан алған алғыс хатының суретін жариялады.

Сіз телевизия, кино және музыка салаларында қоғам тарапынан жоғары баға алған ірі жобаларды жүзеге асырып, отандық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қосып келесіз, – делінген алғыс хатта.

Президент продюсерді Республика күнімен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық, жұмысына табыс тіледі.

Кілтсөздер:Баян Алагөзова


ПІКІР ЖАЗУ